Қазақстанда Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ электр станциясының іске қосылуы жоспарлануда

Қазақстанда Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ электр станциясының іске қосылуы жоспарлануда

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ тікелей инвестициялар қоры («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) – Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясының басқаруындағы Kokzhiyek Fund LP  «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС электр энергетикасы саласындағы бірлескен кәсіпорнына қосылу туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалды.

Келісімге  қол қоюшылар Huadian Kazakhstan Energy LTD жеке компаниясы  және «Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ электр станциясын (БГС) салу» жобасын іске асыру шеңберінде «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС болды.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның төмен көміртекті экономиканы дамытуға және таза электр энергетикасына көшуді жеделдетуге бағытталған ауқымды энергетикалық жобасын іске асырудың басталғанын көрсетіп отыр.

Жаңа электр станциясы жоғары экологиялылығымен, энергия тиімділігімен және заманауи технологиялық шешімдерімен ерекшеленетін бу-газ аралас қондырғысының негізінде салынатын болады.

Бу-газ технологияларын пайдалану атмосфераға шығарындылар көлемін едәуір азайтуға және электр энергиясын өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны «МАЭК» ЖШС ЖЭО қуатының тапшылығын толтыру, өңірді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және Батыс энергожүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС іске асырып жатыр. 

Қаржыландыру үлестік қаржыландыру құралы арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықтарды сатып алуға бағытталатын болады. Қордың инвестиция сомасы 13 миллион АҚШ долларынан, ал жобаның болжамды құны более 210 миллион АҚШ долларынан асады.

Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың екінші жартысында жоспарланған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде құрылыс кезеңіне кемінде 240 жұмыс орны және пайдалану кезеңіне 69 жұмыс орны құрылатын болады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей оң әсер етеді.

Huadian Kazakhstan Energy LTD жеке компаниясы бу-газ электр станциясын салу кезінде технологиялық серіктес болады, бұл Қытайда қолданылатын озық технологияларды енгізуді, тәжірибе мен білімді отандық энергетика саласына аударуды көздейді.

Жобаны іске асыру ҚР Энергетика министрлігі мен China huadian Corporation Ltd арасында 2023 жылғы 17 қазандағы жасалған Негіздемелік келісім және ҚР Энергетика министрлігі мен жобалау компаниясы – «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС арасында 2024 жылғы 14 тамыздағы №40 жасалған инвестициялық келісім шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясы - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, 2025 жылы құрылған, шағын және орта бизнестің ірі, капиталды қажетсінетін жобаларын қаржыландыратын тікелей инвестициялар қорларының басқарушы компаниясы.

China Huadian Corporation Ltd. (CHD) - Қытай мемлекеттік корпорациясы, Қытайдың бес ұлттық электр энергиясын өндірушілерінің бірі. Жобаларға қатысу үлесі 51% -100% болатын стратегиялық инвестор ретінде әрекет етеді. Жоғары рейтинг (A2, A және A-) және беделдің арқасында нарықтағы ең жақсы шарттармен қаржыландыруды тартады, жобалардың құнын төмендету үшін оңтайлы шешімдерді жүзеге асырады.

«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС - 1968 жылы 1 шілдеде құрылды. Кәсіпорынның міндеті - өнеркәсіп пен өңір тұрғындарын электр энергиясымен, жылу энергиясымен, әртүрлі мақсаттағы сумен (ауыз су, ыстық, техникалық, дистиллят) қамтамасыз ету. Комбинат құрамында үш электр станциясы бар (ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭС).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Matthew Бүгін, 04:32

    Sie können jedes beliebige Spiel wie Roulette, Blackjack und Baccarat auswählen und vor Ort mitspielen!
    Sie können alle Spiele kostenlos im Demo Modus spielen, ohne sich anzumelden oder Sie können echtes Geld einsetzen, um die echten Emotionen und Gewinne zu erleben (Anmeldung ist hierfür erforderlich).
    Alle Spiele sind so konzipiert, dass Anfänger und erfahrene Spieler gleichermaßen Freude daran haben.Darüber hinaus können Sie bei HitnSpin auch
    Live Casino Spiele spielen. Obwohl unser Casino noch neu ist, können Sie bereits die optimierte mobile Version nutzen.Die
    mobile Version von HitnSpin Casino ist so konzipiert, dass Sie auf allen Arten von Geräten problemlos
    spielen können. Die meisten Spieler wollen heute nicht nur
    am Computer spielen, sondern auch unterwegs.
    Das hervorragende live casino Ambiente schafft echtes Spielhallengefühl
    direkt am Bildschirm. Der Willkommensbonus verdoppelt die
    erste Einzahlung und schenkt zusätzlich 50 Freispiele. Bei
    LoL-Weltmeisterschaftsspielen stehen zahlreiche verschiedene Wettmärkte zur
    Verfügung, darunter spezielle Team- und Spielerwetten mit besonderen Optionen. Der
    Willkommensbonus beträgt 100% bis zu 300 Euro plus 100 Freispiele bei der ersten Einzahlung.

    Mit wenigen Fingertipps gelingt der Download spielend leicht.
    Das Hitnspin casino bietet Spielern verschiedene Optionen zur Kontoaufladung.


    References:
    https://online-spielhallen.de/top-10-spielbanken-casinos-in-deutschland-2025/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.