Облыстағы судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті
Батыс Қазақстан облыстық сотында адвокаттар қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен қылмыстық процесс мәселелері бойынша «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Бек Әметов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары мен облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
Іс-шараның мақсаты қылмыстық процестің, сот өндірісінің өзекті мәлелелірін талқылау.
Кездесу барысында судьялардың тәуелсіздігі және сот жұмысының ашықтығы, бірегей сот тәжірибесінің, тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтары және басқада мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, адвокаттардан қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы Бек Әметов: "қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған адамдардың құқықтарын сақтау, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді және көп жағдайда қылмыстық қудалау органдарын тәртіпке келтіреді"- деді.
Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Р. Шагатаев пен Ғ. Ищанов аталған кездесу судьялар қауымдастығы мен адвокаттар алқасының бірлескен жұмысының оң бастауы болып табылатынын атап өтті. Алдағы уақытта да қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау тәжірибесін жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, соттардың ұйымдастырушылық бағытындағы жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір