Соттың Ахуалдық орталығының жұмысы туралы

Соттың Ахуалдық орталығының жұмысы туралы

2017 жылдың аяқ жағында Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысы іске қосылды.

Ахуалдық орталығы – онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі. Жоғарғы Сот АО арқылы шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді көріп, оларды жедел түрде түзету бойынша шаралар қабылдай алады.

Жалпы алғанда, АО  жергілікті соттардың жұмыстарын 700 көрсеткіш бойынша бақылай алады.  

Тікелей режимде істі қараудың процестік мерзім көрсеткіштерін мониторингілеуге, сот отырыстарында аудиобейнетіркеу құрылғыларының жұмысын бақылауға, сот статистикасын қолдануға, сотты құрметтемеу жағдайы мен сот процестеріне қатысушыларға төнген қауіпті тез арада анықтауға мүмкіндік береді.

         Ол хат-хабарларды тіркеу бойынша соттар кеңселерінің жұмысын, істер мен материалдарды автоматты бөлуді, аудиобейнетіркеу жүйесін қолдануды, сервердің барлық құрамдас бөліктерінің жұмыс жағдайын қадағалайды. Бұған қоса, киберқауіптерге дер кезінде ден қояды және республиканың барлық сот залдарындағы ахуалды жедел бақылауға алады.

Келіп түсетін ақпарат іс қағаздары мен сот ісін жүргізу, «Төрелік» жүйесінің құрамдас бөліктеріне мониторинг жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік пен АБТ-ны қолдану секілді 4 блокқа бөлінген.

  • Бірінші блок республикадағы барлық соттар кеңселерінің жаңа хат-хабарларды тіркеу, істер мен материалдарды автоматты түрде бөлу жұмысын қадағалайды.
  • Екінші блок «Төрелік» жүйесінің барлық серверлік құрамдас бөліктерінің жұмыс істеу мүмкіндіктерін бақылайды. Жүйе 25-тен астам көрсеткіштен тұрады және белгіленген параметрлерден ауытқушылықтарға жедел түрде ден қоюға, олардың жұмысын тұрақтандыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
  • Үшінші блок киберқауіптерге дер кезінде ден қояды, олардың болашақта пайда болу ықтималдығын жояды.
  • Төртінші блок республикадағы барлық сот отырысы залдарындағы ахуалды жедел қадағалайды. АБТ мониторингі үшін сот отырысының уақтылы өткізілуін анықтауға, АБТ-ны қолдану және репликациялау туралы есеп алуға мүмкіндік беретін тиісті функционал әзірленді.

Ахуалдық орталық – сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі. Ол тараптардың бірі қандай да бір кемшілікті айтып сотқа жүгінгенге дейін оны анықтап, жоюға, әлеуеті соттар жұмысына мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша электронды шешімдерді үнемі жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

бас маманы Г.Ж.Торжимбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.