Мұғалжар аудандық сотында электронды сот төрелігі сервистері атты тақырыпта семинар –тренинг өтті

Мұғалжар аудандық сотында электронды сот төрелігі сервистері атты тақырыпта семинар –тренинг өтті

Мұғалжар аудандық соты «электронды сот төрелігі сервистері» атты тақырыпта семинар –тренинг өтті.

Семинар-тренингке Мұғалжар аудандық сотының судьялары, аудандық маслихат депутаты Ведюшкин А.С., аудандық әкім аппаратының өкілі, аудандық ардагерлер ұйымының өкілі, «Коммуналшы» КМК-нің өкілі, кәсіпқой медиаторлар қатысты.

Мұғалжар аудандық сотының төраға м.а Ж.М.Сейтжапаров  іс-шараны аша келе, Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде республика соттарында маңызды өзгерістер орын алғанын атап өтті. «Заманауи технологияларды қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, азаматардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сот жүйесі үшін бұл сот ісін жүргізуді автоматтандырады және оңтайландырады, ақпараттық технологияларды дамытып, бюджет қаражатын үнемдейтіні туралы  айтып өтті.

Шараға қатысушыларға жетекші маман А.Сатканбаева «электронды сот төрелігі сервистері» атты тақырыпта баяндамасымен таныстырды. Өз баяндамасында ол соттар жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысының тұжырымдасына тоқталды. «Электронды сот төрелігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталғанын,нәтижесінде, мұның барлығы тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің өсуіне негіз болып табылатының атап өтті.

Сонымен қатар,  аудиобейнетіркеу жүйесі, соның ішінде, бейнеконференцбайланыс өткізу мүмкіндіктері таныстырылды. Ұлт Жоспарының 20-қадамын орындау мақсатында бүгінде барлық сот залдары  АБТ жүйесімен жарақтандырылғаны, сот отырыстарының 100 % АБТ қолданыла отырып жүргізіледігі туралы айтып өтті. 

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап соттарда Мобильді сот кабинеті сервисі іске қосылғаны, мобильді сот кабинеті сервисі арқылы тараптар сотқа келмей, интернет желісі арқылы сот процесстеріне  қатысуға болатыны туралы айтып өтті.

Ахуалдық орталық  онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі, Жоғарғы Сот ахуалдық орталық арқылы шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді көретінін, оларды жедел түрде түзету бойынша шаралар қабылдай алатындығы туралы баяндады.

Шара соңында, қатысуышлар «Сот кабинеті» сервисінің қызметіне оң бағасын беріп, сервис азаматтарға, сот отырысына қатысатын тараптардың өкілдері мен адвокаттардың тиімді жұмыс істеуіне әсер етіп, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге ықпал ететіндігін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.