Ахуалдық орталық - сот саласындағы жаңа ақпараттық технологиялардың бірі

Ахуалдық орталық - сот саласындағы жаңа ақпараттық технологиялардың бірі

2017 жылғы 13 қыркүйекте Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысын іске қосуға ресми түрде пәрмен берді. Қазіргі таңда Ахуалдық орталық іске қосылып, қызметін атқаруда.  Ахуалдық орталық – онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі. Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілейді және осы орталық арқылы Жоғарғы Сот шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді көріп, оларды жедел түрде түзету бойынша шаралар қабылдай алады.

Ахуалдық орталық тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, істер мен материалдарды автоматты бөлінуі, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақтылы басталуы. Сот статистикасын жүргізуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Ахуалдық орталық республиканың 1418 сот залдарында процестердің өту барысын қадағалайды. Бұл соттағы дөрекі іс-қимылдарды, соның ішінде сот процесіне қатысушыларға төнген қауіпті тез арада анықтауға мүмкіндік береді.

Ахуалдық орталық сот жұмысының кестесінде болатын ақауларды жедел анықтау мен түзетуге бағытталған. Бұл - сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім.

Ахуалдық орталық төрт блокка бөлінген.

Бірінші блок келіп түсетін ақпарат іс қағаздары мен сот ісін жүргізуді қадағалайды, яғни республикадағы барлық соттар кеңселерінің жаңа хат-хабарларды тіркеу, істер мен материалдарды автоматты түрде бөлу  жұмысын.

Екінші блок «Төрелік» жүйесінің барлық серверлік құрамдас бөліктерінің жұмыс істеу мүмкіндіктерін бақылайды. Жүйе 25-тен астам көрсеткіштен тұрады және белгіленген параметрлерден ауытқушылықтарға жедел түрде ден қоюға, олардың жұмысын тұрақтандыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Үшінші блок ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз етеді, яғни  киберқауіптерге дер кезінде ден қояды, олардың болашақта пайда болу ықтималдығын жояды.

Төртінші блок аудиобейнетіркеуді қолдану жұмысын, республикадағы барлық сот отырысы залдарындағы ахуалды жедел қадағалайды. Аудиобейнетіркеу мониторингі үшін сот отырысының уақтылы өткізілуін анықтауға, аудиобейнетіркеуді қолдану және репликациялау туралы есеп алуға мүмкіндік беретін тиісті функционал әзірленді.     

Ахуалдық орталық – сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі. Ол тараптардың бірі қандай да бір кемшілікті айтып сотқа жүгінгенге дейін оны анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

Ахуалдық орталықтың әлеуеті соттар жұмысына мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша электронды шешімдерді үнемі жаңғыртуға мүмкіндік береді.

 

Астана қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік

сотының судьясы                                                                   

Садвакасова А.А.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.