КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бизнес-қауымдастығы өкілдерімен 2023 жылғы 12 қыркүйектетегі өткен кездесуінде құқықтық және кәсіпкерлік қауымдастықтармен дербес кассациялық сатыдағы сотты құру мәселесі бойынша консультациялар жүргізу туралы қажеттілікке назар аударған болатын.

Бұл қадамға бару, азаматтар мен бизнестің құқықтарын сапалы түрде қорғауын қамтамасыз етеді, құқықтық жүйенің дамуына себеп болады, заңдылық пен құқықтың жоғарылығын нығайтады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі №109-VIII Заңымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына өзгерістер енгізілген болатын.

Жоғарғы Соттың сот әкімшілігі басшылығымен «Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітіліп, орындау жұмыстарынада кірісіп кетті.

Қазақстанның құқықтық жүйесі соңғы жылдары елеулі өзгерістер мен реформаларды басынан кешіруде, олардың бірі ‑ кассациялық соттардың құрылуы. Бұл реформа әділ сот жүйесін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесіндегі жаңа деңгей ретінде сот актілерін қайта қарауға және заңды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрылып жатқан кассациялық соттар ‑ бұл елдің сот жүйесін жаңғырту мақсатында енгізілген жаңа деңгейдегі сот инстанциясы. Кассациялық соттардың басты мақсаты ‑ сот жүйесінде әділеттілікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтарды болдырмау және апелляциялық сот шешімдерін қайта қарауға мүмкіндік беру.

Кассациялық соттардың басты міндеті ‑ сот шешімдерінің заңдылығын тексеру болып табылады. Олар апелляциялық соттардың шешімдеріне құқықтық баға беріп, заң талаптарына сәйкес келуін бақылайды. Бұл жаңа инстанция соттардың қателіктерін жоюға және заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда кассациялық соттарды құрудың негізгі мақсаттары:

- Сот әділдігін қамтамасыз ету. Кассациялық соттар сот шешімдеріне қосымша тексеру жүргізу арқылы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Бұл инстанция сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді өзгертуге мүмкіндік береді.

- Жоғарғы соттың жүктемесін жеңілдету. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей жоғары сотқа жолданса, жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өз мойнына алып, жоғарғы сотқа ең күрделі және маңызды істерді қарауға жіберілетін болады.

- Сот шешімдерінің сапасын арттыру. Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына жағдай жасайды.

Кассациялық соттардың құрылуы сот жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және сенімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл реформалар Қазақстандағы құқықтық жүйені халықаралық тәжірибеге жақындатады.

Жаңадан құрылатын кассациялық соттардың ерекшеліктері:

- Цифрландыру және инновация. Кассациялық соттардың жұмысында заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер белсенді түрде қолданылады. Бұл құжаттарды электронды түрде қабылдау мен қарауды жеңілдетіп, процестерді жылдамдатады.

- Тәуелсіздік пен ашықтық. Кассациялық соттар Қазақстанның сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Шешімдер әділ, заң талаптарына сәйкес қабылданады, бұл сотқа деген сенімді арттырады.

- Білікті кадрлар. Кассациялық соттардың құрамына жоғары білікті, сот жүйесінде үлкен тәжірибесі бар судьялар кіреді. Бұл сот процестерінің жоғары деңгейде өткізілуіне кепілдік береді.

Кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі жетілдіруге, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған маңызды қадам. Бұл реформа әділдікті қамтамасыз етуге, құқықтық жүйенің тұрақтылығын нығайтуға және заң үстемдігін орнатуға үлкен үлес қосады.

Қ.ЕСТАЙ

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.