Республика күні мерекесі жаңғыртылды

Республика күні мерекесі жаңғыртылды

25 қазан – Казақстан Республикасының ұлттық мерекесі. Биылғы жылдан бастап бұл күн жаңғырып, Республика күні болып аталып өтілмек. 2009 жылдан, яғни соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнге 2022 жылдан бастап ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

         Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданды. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт негізінде Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

         Республика күні 1995 жылдың қазан айынан бастап ұлттық мереке мәртебесінде тойланып, 2001 жылы 13 желтоқсанда мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілген Республика күні, 2009 жылы 22 сәуірде Қазақстан Ресрубликасының бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мерекелері туралы» заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес, Қазақстанда Республикасы күні мерекелеудің күші жойылып, мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды.

         Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қайта атап өтуді ұсынды. «Республика күнін қайтарудың маңызы зор. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек»,- деді Мемлекет басшысы. Соған сәйкес, 2022 жылы 29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинемотография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» заңға қол қойды. Сәйкесінше, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып,             1 желтоқсан тұңғыш президент күні мерекелер тізілімінен алынып тасталды.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылғантергеу соты кеңсесінің жетекші маманы     

Данара Галимжановна Уразаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.