Кассациялық соттардың сот жүйесіндегі үлесі

Кассациялық соттардың сот жүйесіндегі үлесі

2024 жылдың 5 шілдесінде Қзақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кей конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу» туралы конституцилық заңға қол қойған болатын. Баршамызға мәлім болғаны заңға сәйкес Сот жүйесіндегі өзгерістердің бірі біздің мемлекеттегі Жоғарғы соттағы кассациялық сатының орнына жеке кассациялық соттар құрастырылатындығы. Кассациялық соттың Президенттің өзімен құралып ауданарылық соттардың мәртебесімен бірдей болады. Кассациялық соттардың құрамына кіретін судьялар саны Жоғарғы Сот кеңесімен бірлесе Жоғарғы Соттың төрағасының ұсынысы бойынша Президентпен сайланады. Кассациялық сатыдағы соттың судьясы болып заң мамандығы бойынша кемінде 18 жыл немесе судья лауазымында кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар азамат, оның ішінде судья бола алады, ал облыстық соттың судьясы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілімі болуы қажет екендігі айтылған.Жоғардыға өзгерістерге сәйкес көбісі Жоғарғы Соттың мәртебесі төмендейді деп есептеуі мүмкін, бірақ керсініше. Яғни толықтай түсіндіріп кететін болсақ, Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және заңда көзделген жағдайларда жергілікті және басқа да соттардың құзыретіне жататын басқа да істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, ол өз құзыреті шегінде сот істерін қарайды және сот ісін жүргізу тәжірибесі бойынша туындаған мәселелері бойынша түсініктемелер береді. Қассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі ғана өзгеретін болады. Бұл Жоғарғы Соттағы жүктемені азайтады және жеңілдеті, яғни негізгі мақсаты сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жүктеме аздығы Жоғарғы Сот штатының қысқартылатындығына соқтыратыны әрине логикаға сыйымды процесс. Кассациялық соттар бірінші және апелляциялық сатылардың жүктемесін азайтпайды, бірақ теріс әсерін тигізбейді де. Ең негізгі үлестері мен негізгі мақсатын айтатын болсақ, Біріншіден, кассациялық саты ретінде сот істері мен материалдарын қарайды. Екіншіден, сот тәжірибесін зерделейді және оны жалпылау нәтижелері бойынша төменгі сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды. Ең соңғысы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.          Кассациялық сот толық тәуелсіз болуы маңызды, өтйкені сот жүйесінің дамуына үлесін тигізеді және мемлекет тұрғындарының соттардың және олардың жүйесінде деген әділдігін арттыруына көп сепгітін тигізеді.

А.Сағынбек                                                                            

Алматы гарнизоны әскери сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.