Жартыжылдық қортындысы

Жартыжылдық қортындысы

2024 жылдың 2ші тамызында Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне облыстық соттардың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша баспасөз кеңесі өткізілді.

Іс—шараға Батыс Қазақстан облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Оразова,  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Идиров қатысты.

Облыстық сот төрағасының  м.а. Т.Оразова азаматтық істер бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына көрсеткіштер мен нәтижелерді таныстырды. 2024 жылдың 6 айында 10 277 талап арыз түсті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 385 талап арызға немесе 3%-ға көп (2023 ж. – 9892 талап арыз). Азаматтар мен заңды тұлғалар бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жиі жүгіне бастады.

Сонымен қатар, спикер сотта және соттан тыс бітімгершілік рәсімдері облыстық соттың басшылығының ерекше назарында екенін және жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалып, апта сайын мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

Жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мәліметтердің дұрыстығын және сот бекіткен келісімдердің заңдылығын тексере отырып, татуластырушы судьялардың жұмысына талдау жартыжыл сайын жүргізіледі.

2024 жылдың 6 айында ғана 1263 азаматтық іс татуласу тәртібімен тоқтатылды, бұл медиация бойынша аяқталған істердің жалпы санының 35%-ін құрады.

Бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне шағымдарды қарау нәтижелері бойынша апелляциалық сот алқасымен 82 сот актісі қаралды, оның ішінде 42 сот шешімінің күші жойылып,  40-ы өзгертілді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров БАҚ өкілдеріне аяқталған қылмыстық істердің өсімін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 679-дан 662-ге дейін төмендегеніне назар аударды. Сәйкесінше, сотталғандар саны 758-ден 792-ге азайған. Қаралған істердің саны бойынша 2023 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 17 іске азайғаны байқалады.

Сонымен қатар, тоқсан сайын тұрақты негізінде талдаулар мен қорытындылар жүргізіліп, күші жойылған немесе өзгертілген сот актілеріне апта сайын қысқаша шолу жасалып, барлық облыс соттарға танысу үшін және жұмыстарына басшылыққа алу үшін жіберілетінін айтты. 

Бұған қоса, істерді қарау нәтижелері және анықталған бұзушылықтар бойынша семиналар өткізіліп, түсініктеме хаттары жіберілетінің атап өтті. Оқу орталығымен бірге судьялардың облыстық сотта тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылуда.

Баяндамашы өз сөзін сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы, атап айтқанда 2024 жылдың 6 айында сот алқасымен 18 үкім өзгертілген, бұзылған үкімдер жоқ деп аяқтады.

Өз кезегінде әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Идиров әкімшілік істер бойынша ақпарат беріп, 472 әкімшілік талап арыз түскенін, бұл өткен жылдарға қарағанда біршама аз екенін атап өтті. Бұл жағдайда әртүрлі негіздер бойынша қайтарылған шағымдар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Барлығы 295 талап қайтарылған. Ең алдымен, судьялар белсенді ұстаным танытып, азаматтарға іс бойынша алдын ала пікірлерін түсіндіреді, нәтижесінде талапкерлер өз талаптарын қайтарып алады, сондай-ақ талаптарды қайтару тараптардың татуласуымен болатын аттап өтті.

Талапкерлер әлі күнге дейін сот орындаушыларының, жер және тұрғын үй комиссияларының шешімдеріне, сондай-ақ салық актілеріне жиі шағымданады.

Соттар өздері қабылдаған шешімдер бойынша түсініктеме беру үшін мемлекеттік органдардың басшыларын сот процестеріне жиі шақырады. Сот отырыстары жауапкерлерсіз өткізілмейді. Сондай-ақ, сотқа олардың жоғары тұрған орталық органдарының өкілдері шақырылады.

Спикер баяндамада, судьялар талапкерлерге талап қою талаптарын нақтылауға және өтініштер жасауға белсенді көмектесетінін, сондықтан азаматтар мемлекеттік органдар тарапынан олардың құқықтары бұзылған жағдайда әкімшілік сотқа, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық соттарға тікелей жүгіне алатынын айтты.

Апелляциялық тәртіпте 127 әкімшілік іс қаралып, 8 шешімнің күші жойылып, 8 шешім өзгертілген, ал 62 шешім мен 37 ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.

Әріқарай, спикерлер сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту, соттардың ашықтығын қамтамасыз ету, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру және жалпы сот жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін бірқатар негізгі міндеттерді айтып өтті.

Брифинг соңында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Dom 30 сентября 2024 01:17

    오피가이드 is a go-to platform for anyone seeking detailed information and honest reviews about massage services in their area.

    With 오피가이드, I discovered several high-quality massage shops near me. The platform's user reviews and ratings are incredibly insightful.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.