Батыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы жөнінде оқу білім семинары өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы 2020 жылдың шілде айында қаралған азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы жөнінде оқу білім семинары өткізілді.
Іс-шараға облыстық соттың азаматтық сот алқасының судьялары, қалалық және аудандық соттардың судьялары және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары қатысты.
Семинар барысында апелляциялық тәртіпте қаралған азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін өзгерту мен бұзылған бірінші сатыдағы соттардың жіберген қателіктері мен салдарын және басқа да мәселелерді талқыланды.
Облыстық соттың судьясы Е.Идиров ҚР Жоғарғы Сотының тәжірибесі туралы мәліметтер бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттарға облыстық сот судьяларының ескертпе-хаттар шығаруға негіз болған сот қателіктері туралы айтылды.
Семинарды қорытындылай келе, соттардың алдына сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттер қойып және істерді қарау кезінде заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттігін айтып, осы жылы заңды күшіне енген кейбір заңнамалық актілердегі жаңа өзгерістер мен толықтыруларды дұрыс қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]