Батыс Қазақстан облыстық сотында 2020 жылдың I-жартыжылдығының жұмыс қорытындысы талқыланды
Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы бейнеконференцбайланыс арқылы 2020 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша облыс соттарымен атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша кеңес өткізді.
Шараға облыстық соттың төрағасы Рустем Мырзакәрім, қылмыстық алқаның төрағасы Ақан Жұмағұлов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысты.
Кеңесті аша отырып, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рустем Мырзакәрім шараға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Кеңесте облыстық соттың қылмытсық істер бойынша сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұловтың баяндамасы тыңдалды. Қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтер мен сот төрелігінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Облыс соттарының жұмысын қорытындылай келе, сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттерді және 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған соттардың жұмыс перспективаларын айқындап, істерді қарау кезінде іс жүргізу мерзімдерін сақтау және сот актілерін орындауға жіберу бойынша бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, өңір соттарында сот ісін жүргізуді ұйымдастырудың басқа да мәселелерін айқындады.
Батыс Қазақстан облыстық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]