Мұраны қабылдау өткізілген мерзімді қалпына келтіру

Мұраны қабылдау өткізілген мерзімді қалпына келтіру

Қазақстанда мұраны Азаматтық кодексінің 1072-2 бабына сай ол ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкін. Белгіленген алты ай мерзімін өткізіп алған жағдайда, оны тек сот тәртібімен қалпына келтіру мүмкін.

Мұрагерлік дауларды шешу кезінде мұра ашылған күні қолданыста болған Заңдарды басшылыққа алуға тиіс.

Азаматтық кодекстің 1042 бабының негізінде, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Осы санаттағы істер бойынша 1964 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген Қазақ КСР Азаматтық кодексінің, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген  ҚР Азаматтық кодексінің нормалары қолдануға жатады.

АК-нің 1072-3 бабына сай, егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi (осы Кодекстiң 1072-2-бабы) дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Іске қатысатын адамдар тобын және анықтауға жататын мән-жайларды дұрыс анықтау үшін мүдделі тұлғаларды тарту қажет (нотариус және басқа мұрагерлер).

Істер қарау кезінде өткізіп алу себептерінің дәлелділігі мұқият тексеру тиіс, шешімнің уәждеу бөлігінде әр жағдайда мерзімді өткізіп жіберуге қатысты ұғымын жеке-жеке ашып көрсету керек.

Арыз қанағаттандырылған кезде сот шешімінің қарар бөлігінде мерзімді қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп көрсетеді.

Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы сот шешімі нотариустың мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруі үшін негіз болып табылады.

А.Б.Теберикова 

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала аудандық сотының төрағасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.