Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру

 

Қазақта «Өмір бар жерде өлім бар» деген сөз бар, сондықтан жақын адамның қайтыс болуы әр жанұяның басында болатын жағдай. Басына осындай ауыр жағдай түскенде үйдің күйбелең тіршілігімен жүріп мұрагерлікті қалай рәсімдеуді білмей, немесе кейінге қалдырып жүргенде мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алатындар аз емес.

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Мұрагерлік өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырмаған бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (ары қарай - Кодекс) белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының заңды тұлғаларда мүше болу,   өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер, зейнетақы, жәрдемақылар мен басқа да төдемдер алу құқығы және мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтары мұраның құрамына кірмейді.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болды деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Ендігі ретте мұрагерліктің қандай тәсілдермен жүзеге асырылатынына тоқтала кетейік.

Өсиет – азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір немесе бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Өсиетті толық әрекет қабылеттілігі бар азамат жасайды. Өсиет қалдырушы өсиетті өзі жасауға тиіс, өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға немесе өзгертуге ерікті және бұл әрекеттерінің себебін көрсетуге міндетті емес.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, мұра қалдырушының жұбайы мен ата анасы тең үлеспен алады.

Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаған жағдайда, заң бойынша мұрагерлер ретінде Кодекстің 1062-1064 бабында көрсетілген мұрагерлер шақырылады.

Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.

Мұрагердің мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.

Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.

Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді.

Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады.

Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады.

Мұра ашылған күнінен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.

Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген  мерзімді дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген  мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Тәжірибеде мұрагерлердің мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алғаннан кейін заңда көрсетілген алты айдың ішінде емес, бірнеше жылдан соң да нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтiнiшiмен барып жататыны кездеседі. Оған әр түрлі себептер болады, мысалы мұра ашылғанын білмеу, шет мемлекетте тұру, мұра қалдырушыдан қалған мұраға басқа мұрагерлердің болмауына байланысты өзінің мұрагер ретінде шақырылғанын білмеу сияқты т.б.

Мұрагер, қандай себептермен болса да мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алып нотариусқа мұраға құқық туралы куәлікті беру туралы арызбен жүгінгенде, нотариус нотариалдық іс әрекеттер жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Аталған қаулыны алғаннан кейін мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердiң мұрагерлiк мүлiктегi үлестерiн анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердiң мұрадан өзiне тиесiлi үлесiн алу құқығын қорғау жөнiнде шаралар белгiлейдi. Бұған дейiн берiлген мұраға құқық туралы куәлiктердi сот жарамсыз деп таниды.

Мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер сот қайтыс болған мұрагердiң мұрагерлерiнiң осы мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, онда сот оларды Кодекстiң 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкiн.

Ал қалыпты жағдайда, яғни мұрагер мұра ашылған жер бойынша нотариусқа заңда белгіленген мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде жүгінген жағдайда, нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті.

          Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.

          Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

Мұраға құқық туралы куәлiкті беру бойға біткен, бiрақ әлi туылмаған мұрагер болған кезде ол туылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

         Сонымен қатар, мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.

          Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.

         Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады.

          Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.

           Тақырыпты қорытындылай келе, мұраны қабылдау мерзiмін қалпына келтіру туралы арызды сот, мұрагерлердің осы мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса ғана мерзімді қалпына келтіріп, мұраны қабылдады деп тануы мүмкiн. Сонымен қатар, мерзімді өткiзiп алу себептерiн дәлелді деп таппаса, арызды қанағаттандырудан бас тартылып жатқаны да аз емес.

 

С.М.Нахипов

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

16 пікір

  1. аватар
    Cliff 10 июня 2024 03:42

    Hello There. I found your blog using msn. This is a really well written article.
    I'll make sure to bookmark it and come back to
    read more of your useful information. Thanks for the post.
    I will definitely comeback.

    Here is my page: Sal

  2. аватар
    Kathleen 19 августа 2024 23:44

    снились кольца и серьги сонник пантера как домашнее
    животное, к чему снится пантера женщине сонник угнали машину и телефон
    мод что
    означают цифры на пластике внутри
    треугольника
    темную магию для готики к чему снится потерять бриллианты

  3. аватар
    Kelvin 8 сентября 2024 20:23

    сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі біртұтас
    мемлекет, қазақстан республикасы біртұтас мемлекет инклюзивное образование в казахстане закон,
    инклюзивное образование в казахстане статья екі мембраналы органоид
    не жатады, мембранасыз органоид не жатады

    Here is my blog post ... атаулы әлеуметтік көмек номер телефона

  4. аватар
    Melisa 12 сентября 2024 18:01

    warhammer vermintide 2 сиқырлы жел сатып алу бухгалтерские
    услуги онлайн, онлайн бухгалтерия бесплатно документация в стоматологии, медицинская документация
    в стоматологии рк трек миллион чувств, вита мир
    усть-каменогорск каталог

    Review my blog даяшы міндеттері

  5. аватар
    Julia 15 сентября 2024 05:36

    I'm impressed, I have to admit. Rarely do I encounter a
    blog that's equally educative and interesting,
    and without a doubt, you have hit the nail on the head.
    The issue is something not enough folks are speaking intelligently about.
    I am very happy I came across this in my search for something regarding this.


    Also visit my website - clarinex
    commande sans ordonnance

  6. аватар
    Lanora 18 сентября 2024 02:47

    әкімшілік ұстап алу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 2022
    компания электроника, тоо компания эврика
    контакты трюковые самокаты в казахстане,
    трюковой самокат за 5000 евромебель алматы стенки, стенка в зал караганда

    Also visit my site; пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары

  7. аватар
    Johnie 4 октября 2024 22:24

    7 апреля, 7 апреля праздники в мире қонақ үй қызметінің ерекшеліктері, қонақ үй туралы мәліметтер
    ақ орда картасы, ақ орда орталығы сколько стоит открыть пункт выдачи wildberries, пункт выдачи wildberries актау

    my web-site: центр повышения квалификации врачей

  8. аватар
    Krystyna 13 октября 2024 00:00

    тарихи орындар атаулары, киелі жер деген
    не должностная инструкция бухгалтера по приходу товара, должностная инструкция бухгалтера рк 2022
    приказ 151 мз рк, приказ 151 мз рк мытье рук 870
    форма газ, 870 форма как заполнить

    Feel free to visit my web blog: жігітті тану психология

  9. аватар
    Krystyna 13 октября 2024 00:00

    тарихи орындар атаулары, киелі жер деген
    не должностная инструкция бухгалтера по приходу товара, должностная инструкция бухгалтера рк 2022
    приказ 151 мз рк, приказ 151 мз рк мытье рук 870
    форма газ, 870 форма как заполнить

    Feel free to visit my web blog: жігітті тану психология

  10. аватар
    Koby 25 октября 2024 10:09

    ответы заклинание на тату
    вопросы гадание на цыганских кубиках к чему снятся кактусы в
    воде сниться спящий мужчина
    венера в скорпионе у мужчины как
    понравиться сонник сумка новая черная

  11. аватар
    Caroline 31 октября 2024 12:09

    к чему снится губы в крови
    желько ражнатович арк чему
    снятся сгоревшие дома в деревне
    ан смерть приснилось что он делает предложение
    руки и сердца
    множеством значений функции является все множество действительных чисел сонник концерт на
    площади

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.