Мұра қалдырушының міндеттері мұрагерге өтті

Мұра қалдырушының міндеттері мұрагерге өтті

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 1040-бабының 1-тармағына сай мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

АК-ның 1081-бабына сай мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышқорлар ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.

Азамат Ш. кредитор К.-ның алдында 17 миллион теңгеден астам ақша сомасын қайтаруға міндеттенді.

Міндеттемелер тиісті түрде орындалмаған.

2015 жылғы 29 сәуірде сот бұйрығы шығарылды. Берешек мұра қалдырушыдан өндіріліп алынды. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерлікті оның ағасына ауыстыру жүргізілді (Б). Соңғының өтініші бойынша 28 жылғы 2020 желтоқсанда сот бұйрығының күші жойылды.

Б. «А» ЖШС-нің 100% үлесі түріндегі мұраны қабылдап алды, ол С. кредиторының алдындағы берешекті және зейнетақы жинақтарын өтеу есебіне берілді.

Осылайша, мұрагер Б.-ға мұрагерлік тәртібімен тек мұрагерлік мүлік қана емес, сонымен бірге несие беруші К.-нің алдында пайда болған мүліктік міндеттер де өтті.

Осы іс бойынша Алматы аудандық соты мұрагерден қарыз сомасын «А» ЖШС үлесінің кредитор С.-ға ауысуын ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің алынған сомасы шегінде ғана өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.


Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Сейтхожина Гульнур

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.