Оқушылармен кездесу өтті

Оқушылармен кездесу өтті

   М.Әуезов атындағы No 2 орта мектепте. Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.М.Нұрғалиев 9-11 сынып оқушыларымен «Есірткі – бұл тәуелділік»  тақырыбында Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары Е.Ғ.Баймұраттың, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Абуовтың, Ақжайық аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Т. Елекешевтың қатысуларымен кездесу өткізді. 

Төраға өз сөзінде нашақорлар арасындағы өлім-жітім деңгейінің жоғары екендігіне, олардың 95 пайызында ауруға шалдығып, ВИЧ-инфекциясы, В және С гепатиті, мерез сияқты аурулармен ауыратынына назар аударды.

Сондай-ақ, ол нашақорлардың ең жас жасы деректер бойынша 13 жасқа дейін төмендегенін, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың негізгі себептері отбасындағы келеңсіз орта, ата-ананың алкоголизмі, өмір сүру деңгейінің төмендігі, отбасындағы жиі ұрыс-керіс және ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығын атап өтті.

Сот төрағасы өз сөзін қорытындылай келе, оқушыларға олардың болашақта студент болатынын, ал нашақорлық олардың болашағын құртатынын, нашақор ретінде тіркелу оларға жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік бермейтінін, сонымен қатар қалаған қызмет түрімен айналысуға, қоғамның толыққанды мүшесі және сұранысқа ие тұлға болуға кедергі екенін түсіндіріп өтті.

Қорытындылай келе, шарға қатысушылар өзара пікір алмасып, оқушылар осы кездесуден шығарған қорытындыларын айтып, баяндамашыларға алғыстарын білдірді. 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.