«Сот жүйесімен таныс бол» тақырыбында кездесу өтті
Ақжайық аудандық сотында «Сот жүйесімен таныс бол» тақырыбында мектеп оқушыларымен тәрбиелік кездесу өтті.
Шараға аудандық сот төрағасы А. Нургалиев, аудан прокурорының көмекшісі И. Нургалиев, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторы Г. Бақтыгереева және М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары қатысты.
Сот төрағасы А. Нургалиев шараны ашып, өткізіліп отырған кездесудің мақсатын, қазіргі таңда мектеп оқушыларымен студенттердің арасында орын алып отырған құқық бұзушылықтарды, оның салдарынының мән-жайын түсіндіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениеттілік, тәрбие зор ықпал ететінін атап жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар ішіндегі соттың атқаратын жұмысының маңыздылығын атады.
Аудан прокурорының көмекшісі және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторы да сөз сөйлеп, оқушыларға заң және мектептің ішкі тәртібі туралы ережелерді сақтауды, талаптармен міндеттерді орындауды, құқық бұзушылық орын алған жағдайда оның салдары заң алдындағы жауапкершілік екенін атап өтті.
Қатысушылар шара соңында пікір алмасып, оқушылар қойған сұрақтарына жауап алды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]