Ақжайық аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде кездесу өтті.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырулар енгізіліп, 24 маусым «Судья және сот қызметкері» күні болып бекітілді. Бұл мейрам биыл бірінші рет аталып өтелмекші.
Осыған орай Ақжайық аудандық сотының төрағасы А. Нургалиев Ақжайық аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде кездесу өткізді.
Шараға төраға А. Нургалиев, спорт мектебінің басшысы М. Игильмановпен ұжымы және спорттық үйірмелерге қатысушы балалар қатысты.
Кездесу барысында төраға қатысушыларға сот жұмысының ерекшілігін түсіндіріп, ұжымға, жасөспірім балаларға алдағы уақытта спорт саласында жетістіктерге қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстанып елімізде дені сау келешектің қалыптасуына үлес қосып мемлекетіміздің нығаюына ат салысып отырған еңбектеріне зор жетістіктер тілеп, балаларға сыйлықтар табыс етті.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]
21 пікір