«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - басты мақсат»

«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - басты мақсат»

Тіл дегеніміз адам, ұлт, мемлекет, тарих. Тіл адам мен сол адамдардың өзгелерге ұқсамайтын, өздерін бір-бірімен ұқсастырып, жақындық тобын құрайтын ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Әр халықтың ана тілі-оның жаны. Ұлттық болмыс бітімнің бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзі, ішкі жан дүниесінің өзіне ғана тән құпиясы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.  Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінуде.

Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып - қазақ тілі белгіленді. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және  іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген. Мемлекеттік тіл - тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлтардың  ұлтаралық ортақ тілі. Қазақ тілін  дамыту еліміздің стратегиялық  бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Бүгінгі таңда Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі айтарлықтай жоғары деңгейді. Іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі, сотқа келіп түскен және  шығыс құжаттары 99%, ал ішкі құжат айналымы 98% қазақ тілінде.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын әр салада кеңейту осы елдің әр азаматының  басты мақсаты мен борышы болмақ.

З.А.Жилкибаев 

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери соты
департаментінің құжат айналымы 
бөлімінің жетекші маманы

 

                                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.