Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
Тіл туралы Заң қабылданғаннан бері, оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі бірқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, соның бірі – 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы».
Ел тәуелсіздігі –тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, осы бағыттағы болашақтың берік іргетасы бүгін қалануы қажет. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасаумен қатар, мемлекеттік тілде іс жүргізуді де жүйелі қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміз өсіп-өркендеп, үлкен мәртебеге ие болады, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі теңеледі
Сонымен қатар, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы да бар. Алайда, қаншама жетілген заңдар, бағдарламалар қабылданғанымен, оны іске асыратын адамдар. Сондықтан әрбір қазақ азаматының бойында өзінің ана тіліне деген құрмет, оның құдіретіне бас июшілік сезімі қалыптаспайынша, қазақ тілінің көсегесін көтеру қиын.
Әр халықтың ана тілі – оның жаны, ұлттық болмыс-бітімінің бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзі, ішкі жан-дүниесінің өзіне ғана тән құпиясы.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,-деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Тіл - ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.
Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсеріміз хақ.
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданының №2
аудандық сотының
кеңсе бас маманы
Н.Бирманова
[xfvalue_img]
23 пікір