Мемлекеттік тілді дамыту- ортақ міндет
Ел болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы керек, біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені біздің ана тіліміз Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып қазақ тілі белгіленді.
Осы заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елдегі тіл саясатын орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы.
Н.К.Агасылова
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]