Тілім – талмас қанатым

Тілім – талмас қанатым

Тіл - халыктың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, біріктіруші құралы. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, коғам кажеттілігі деген жөн. «Tілі өлген халыктың, өзі де өледі, - деп ұлылар бекер айтпаған.

Tілді құрметтеуді әркім өз басынан бастауы қажет.

Қазақ ежелден өз тілі арқылы жат елмен дипломатиялық жұмыстар жүргізіп, досын туыс, дұшпанын дос етіп, барлық салада тарих көшінен қалмай келген. Және киелі тілдің оған құдіреті қашанда жетеді. Бірде-бір туркі тілдес халықта он томдық түсіндірме сөздік жоқ. Мұндай кұнды дүние тек қазақта ғана бар, ол осы ұлтқа ғана тән руха­ни байлық. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 67 мың сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес - барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген. Осыдан-ақ қазақ тілінің қаншалықты бай екенін топшылай бepiңіз.

Тіл мәселесінде барлығымыз үшін бағдаршам болуға тиicтi заңнамалық актілер бар. Олардың бipiншісі - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының 4 - бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, коғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік баскару, заң шығару, сот iciн және ic қағаздарын жүргізу тілі» - деп жазылған. Біpaқ осы кағиданы ойдағыдай жүзеге асыру
үшін мемлекеттік органдардың нақты әрекетін жеткілікті
етуіміз керек.

Тілдің негізгі  қызметі - халықты біріктіру. Қызметке аларда мемлекеттік тілді ойлайтын, сөйлейтін, терең сусындаған қазақтың болмысын ұғатын жастарды алып, ic қағаздарын мемлекеттік тілде жазуға баулу шарт. Тәуелсіздіктің үлкен бip талабы да осы. Егер кұнарлы тілдің құнын түсіріп, күнделікті   қолданыс аясын  кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз? Tілiміздің тағдыры - біздің өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау - өзгені емес, өзімізді сыйламау болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бip айғағы, сотта ic-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп, мекеме, салалармен біріккен се­минар сабақтар, дөңгелек үстелдер т.б. сиякты жиындар өткізіліп келеді. Мұның өзін мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға қосқан үлесіміз деп білеміз.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, менде бірге өшемін – деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десекте қателеспейміз.

Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

«Ана тілін менсінбеген адам өз халқының өткенін ұмытып, болашағына балта шабады » – деген қанатты сөз бар. Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» және «Әрбір қазақтың ана тілін білуі – парыз, білмегені – ұят» деген сөздерін жалаң ұран ретінде пайдаланбай, оларды іс жүзінде жүзеге асыру борышымыз ғана емес, міндетіміз екенін бір сәтке де ұмытуға тиісті емеспіз. 

БҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы А.М.Есмағұл

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

9 пікір

  1. аватар
    Trista 6 сентября 2024 21:52

    готовый бизнес-план производства тортов, готовый бизнес-план кондитерской с
    расчетами казахстан жарықтың
    интерференциясы дегеніміз не,
    дифракция деген не салават
    в намазе, когда читается салават в намазе ақтабан шұбырынды елім ай әнітыс
    құрастыру 7 сынып, оқушылар айтысы
    текст

  2. аватар
    Berry 9 сентября 2024 22:50

    к чему снится общественный транспорт,
    к чему снится ехать в автобусе с людьми 52
    ngg что означает югнумерология как наука о числах-запад фен-шуй, северо-запад фен-шуй цвета
    к чему снится ребенка родить маленького
    маг любовь и отношения

  3. аватар
    Ryan 13 сентября 2024 03:31

    курс бата к евро, курс бата к доллару 2019 исчезающие животные и растения казахстана, редкие растения казахстана тау
    кен металлургия институты, тау кен металлургия институты ашылды петроглифтер презентация, таңбалы
    тас орналасқан аймақ

    My homepage - жаһан
    жаңалықтары

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.