Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі.
Тіл - халыктың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, біріктіруші құралы. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, коғам кажеттілігі деген жөн. «Tілі өлген халыктың, өзі де өледі, - деп ұлылар бекер айтпаған. Эрбір қазақстандық осы орайдағы азаматтық міндетін атқарғанда ғана, нәтиже субелі болатындығына күн сайын көз жеткізіп келеді.
Tілді құрметтеуді әркім өз басынан бастауы қажет. «...Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құметтеу отаншылдық рухты оятуға кызмет етеді, әрі ата
-баба алдындағы ұлы парызымыз» - деп Елбасы-
мыз айтқандай, тіліміздің мерейін көтеріп, асқақтату
баршамыздың басты міндетіміз.
Қазақ ежелден өз тілі арқылы жат елмен дипломатиялық жұмыстар жүргізіп, досын туыс, дұшпанын дос етіп, барлық салада тарих көшінен қалмай келген. Және киелі тілдің оған құдіреті қашанда жетеді. Бірде-бір туркі тілдес халықта он томдық түсіндірме сөздік жоқ. Мұндай кұнды дүние тек қазақта ғана бар, ол осы ұлтқа ғана тән рухани байлық. «Қазақ тілінің тсіндірме сөздігіне» 67 мың сөз, 24,5 мың. фразеологиялық тіркес - барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген. Осыдан-ақ қазақ тілінің қаншалықты байлығы барлығын топшылай бepiңіз.
Бүгінде кейбір оқыған азаматтарымыздың ic қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, кұжаттарды рәсімдеуге және тіл үйрену тәжірибесін әpi қарай нығайтуға ықыласы аса жоғары деңгейде емес. Тіл білегінің тамырында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдіктің, қаны мен қасиеті болады. Ұлттық болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағытты аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық асқақ ceзімі басым жандар ғана көсегемізді кегертеді.
Тіл мәселесінде барлығымыз үшін бағдаршам болуға Tиicтi заңнамалық актілер бар. Олардың бipiншісі - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң
Заңның 4 - бабында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің
бүкіл аумағында, коғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік баскару, заң шығару, сот iciн және ic қағаздарын жүргізу тілі», - деп жазылған. Біpaқ осы кағиданы ойдағыдай жүзеге асыру
үшін мемлекеттік органдардың нақты әрекетін жеткілікті
етуіміз керек.
Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым.Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз-тіл болмақ емес.Тіл-тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Тәуелсіздіктің үлкен бip талабы да осы. Егер кұнарлы тілдің құнын түсіріп күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. «Құлағына мақта тыққандарға» бұл аз айтылып жүрмегені аян. Tілiміздің тағдыры - біздің өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау - өзгені емес, өзімізді сыйламау болып шығады.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бip айғағы, біздің облысымызға берілген уақыт басынан сотта ic-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп, мекеме, салалармен біріккен семинар сабақтар, дөңгелек үстелдер т.б. сиякты жиындар өткізіліп келеді. Мұның өзін мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға қосқан үлесіміз деп білеміз.
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, менде бірге өшемін – деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Шыны керек, менің тілім-қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін .Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын – жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғамда басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық !
Мурзахметова А.Қ
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Іс қағаздарын жүргізуші
[xfvalue_img]
10 пікір