«Мемлекеттік тілді қолдану»

«Мемлекеттік тілді қолдану»

         Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Оның ішінде қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі болып келеді. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. 

         Ана тілі, мемлекеттік тілдің мерейін асыру мәселесі назардан тыс қалмауы қажет. Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту керектігін айтып кеткен болатын. Және күні кеше алғашқы жолдауын жасаған жаңа Президентіміз Қасым  - Жомарт Тоқаев та ұлт тілінің жанашыры екенін байқатқанды.

         Елбасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш – жігерімізді салуымыз керек» деп көрсеткен болатын. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Мұндай бағдарламалар ауызекі сөйлеу деңгейіне де, әдеби және мәдени сапасының тиімділігіне де оң әсерін тигізетіні сөзсіз. 

         Мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің әр саласында кеңінен қолданылуы – ұлтты біріктіруге жетелейтін фактор болып табылады. Тіл – халықтың жан-жүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне тортастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу, қолдану - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн болар.

 

Мұғалжар аудандық сотының сот отырысының хатшысы Г.Суюнова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.