Республикалық жоғары техникалық колледждің стундеттермен кездесу
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында Республикалық жоғары техникалық колледждің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында соттың бас маманы Гүлмира Теміргалиева мамандандырылған тергеу соты жұмысының ерекшеліктері, оның міндеттері мен принциптері туралы айтып өтті.
Бұған қоса, сот маманы Мемлекет басшысы сот жүйесінде қазіргі заманғы жұмыс форматтарын және озық АТ-технологияларын кеңінен енгізу, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру арқылы сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды және халықтың сотқа деген сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы, сот төрелігінің ұтқырлығы мен ашықтығын айтарлықтай арттыратынын атап өтті.
Студенттер, тараптар мен қатысушылар сот процесіне қашықтықтан қатыса алатын TrueConf "мобильді бейне-конференцбайланыс" мобильді қосымшасы қолданылатын бейнеконференциялық байланыс технологияларымен танысты.
Кездесу соңында студенттер электронды сот ісін жүргізу саласында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
Гульмира Темиргалиева
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу сот әкімшісінің басшысы м.а.
[xfvalue_img]