Оралдың ЖОО-ның студенттері мобильді БКБ технологиясымен танысты
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері мен оқытушыларына мобильді бейнеконференцбайланыс (әрі қарай - МБКБ) технолигиясымен таныстыру бойынша кездесу өтті.
Шара сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар туралы азаматтарды хабардар ету мақсатында өткізілді.
Сот кеңсесінің меңгерушісі Олжас Қадесов аталған бағдарлама тараптардың мобильдік құрылғыларында TrueConf мобильдік қосымшасы болған жағдайда, сот мәжілісіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Сот кеңсесінің бас маманы Қуаныш Жумин жүйенің сот отырысында қолдану тәртібін және қажетті рәсімдерін түсіндірді. БКБ тергеу изоляторымен қосылу арқылы жұмыс күйінде көрсетілді.
Шара аясында студенттер мен оқытушылар сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты және кадр мәселесіне қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]