Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты студенттер үшін ашық дәріс өткізді.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студеттерімен ашық дәріс өткізілді.
Сөз сөйлеу барысында бас маман Гульмира Темиргалиева тергеу сотының қызмет ерекшеліктері мен міндеттеріне тоқталып, фронт-офистің жаңа жұмыс істеу форматы туралы толығырақ тоқтала отырып, фронт офис ашудың басты мақсаты сотқа келушілерге қолайлы және қолжетімді жағдай жасау және сот жұмысының кедергісіз принципін қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.
Дәріс барысында соттың бас маманы Қуаныш Жумин «Сот кабинеті» сервисі секілді сот жүйесіндегі заманауи технологиялардың кеңінен колданылуы туралы және сот беделін арттыру бойынша жүргізіліп отырылған жұмыстар жөнінде айтты. Сондай-ақ, сот ісін жүргізуді жетілдірудегі басым бағыттардың бірі болып табылатын қашықтықтан сот отырысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бейнеконференцбайланыс және мобильді БКБ туралы баяндады.
Іс шара соңында студенттер «Төрелік» ақпараттық жүйесінің, «Сот кабинетінің» және АБТ жұмысымен танысты.
Студенттер дәріс барысында өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісінше қойылған сұрақтарына толық өз жауаптарын алды.
Іс-шара соңында студенттер өз алғыстарын білдірді.
Тергеу сотының
бас маманы Г.Темиргалиева
[xfvalue_img]
22 пікір