Құжат тілі қазақшаланып келеді

Құжат тілі қазақшаланып келеді

Тіл туралы айтқанда, мемлекеттік тіл-ана тіліміз үнемі ойымыздың бір түпкірінде тұратыны шындық. Құжат айналымы белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тілде жүргізіледі дегенмен әрине бүгінгі күні мемлекеттік тілде құжат айналымы лайықты деңгейге көтеріле алмай отырғандығы жасырын емес.

Бүгінгі күні еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 31 жылдың уақыты болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін уақыт келді деп ойлаймын.

Мемлекеттік тіл туралы сөз қозғағанда  ең алдымен Ата Заңымызды басшылыққа алуымыз қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ  тілі деп жазылған.

«Тіліңді сыйламағаның, ұлтыңды сыйламағаның» деген аталы сөз бар. Ал ҚР «Тіл туралы» Заңының 4-бабында көрсетілгендей: Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында  қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деп бекітілген. Отанды сүйсең оның мемлекеттік тілін де сүй, Заңына бағынсаң - оның «Тіл туралы» Заңына бағын. Тіл мәселесі - мемлекеттік іс дейтініміз осыдан.

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздікті нығайтудың, еліміздің елдік, халықтық сипатын сақтап қалудың және қоғамдық келісімнің ең басты кепілі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 13-бабында сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер де мемлекеттік тілмен тең қолданылады деп көрсетілген.

 Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту аясында бір қатар жұмыстар атқарылуда.

Құжат айналымын 100 пайызға дейін жүргізу жұмысы көзделген.          

Аудандық сотта шығыс құжаттары толықтай 100 пайызға мемлекеттік тілде жазылып шығарылады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін уақыт келді деп есептеймін.  

Мемлекеттік тілдің абыройын көтеру әрбір Қазақстан азаматының борышы деп білемін.

Егеменді еліміздің мақтанышы да, мәртебесі де қазақ тілі.  Еліміздің мемлекеттік тілін дамыту ҚР «Тіл туралы» заңын бұлжытпай орындау баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сондықтан, алдағы уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны қолдану мен дамыту баршамызға ортақ іс деп білуіміз қажет.

Салауат Ерасыл Нариманұлы 

Батыс Қазақстан облысының  қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық  соты әкімшісінің сот приставы

     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.