Сот жүйесіндегі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Сот өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан азаматтарының объективті ақпарат алудағы конституциялық құқығын жүзеге асыра отырып қана қоймай, сот билігінің беделін нығайтып, сот жұмысының сапасын жақсартады. Сот істерінің басым бөлігінің ресми тілде жүргізілу себептерінің бірі, сотқа жүгінушілердің мүддесін қорғаушы адвокаттар, заңдық көмек көрсетуші өкілдердің қазақ тілін жетік білмеуінен. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот ісін жүргізу тілі, сотқа талап арыз берілген тілге қарай, сот ұйғарымымен белгіленетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз, сотқа талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралып, сот актісі де сол тілде қабылданады деген сөз.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазірігі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда.
Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маман З.Шарипова
[xfvalue_img]
7 пікір