Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Өз тілін, өз мәдениеті мен өзі туып өскен елдің тарихын білу әрбір адамның борышы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажеттілік артып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Барлық дерлік мемлекеттік органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсуде.
«Тіл туралы» Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі», – деп айқын жазылған.
Ал ҚПК-нің 30-бабы, ӘҚБтК-нің 738-бабы бойынша да Қазақстанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тілі қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізу де мемлекеттік тілде жүргізілуі керек.
Әрбір азамат мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосуы азаматтық борышы.
Ақмола гарнизоны әскери сотының
бас маманы Р.Махина
[xfvalue_img]