Медиация - дауларды шешудің құралы
Елімізде азаматтардың арасында туындаған дауларды шешу бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде сот жүйесі үлкен үлес қосуда. Атап айтқанда, баспасөз беттерінде «Медиация» жөнінде көп айтылып, насихатталуда. Медиация тәсілінің басты мақсаты - дауды шешудің екі тарапын да қанағаттандыру, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету, судьялар жүктемесін және басқа да құқық қорғау органдарының жұмысын азайту болып табылады. Медиацияны қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мәселе бойынша арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Ең бастысы қоғамдағы абыройлы әрі белсенді азаматтардың (медиаторлардың) дау-дамайды сотқа дейін жеткізбей екі тарапты мәмілеге келтіруі.
Қазақстан Республикасының Медиация туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.
Бітімгершілік татуластыру дауларды шешу туралы айтылғанда қазақтың Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билер ел арасындағы тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отырған. «Медиация» термині қазақ құқығы үшін жат емес.
Медиация институтын кеңінен насихаттау қажет, себебі, бұл - дауларды шешудің азаматтар үшінде сот жүйесі үшінде ең тиімді жолы әрқайсысының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарауы бірнеше айға, ал кейбір жағдайда жылдарға созылып кетеді. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді.
Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторлар жұмыс жасайды.
Медиацияның тиімділігін түсінген көптеген компаниялар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді сотқа дейін медиатордың қатысуымен шешілуі мүмкін деген талаптар енгізіп отыр.
«Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десекте болады.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің бас маманы- сот отырысының хатшысы
Н.Н. Тұркменбаев
[xfvalue_img]
20 пікір