Медиация туралы заңның қолданылуы

Медиация туралы заңның қолданылуы

«Медиация» термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сəйкестендірсек, медиатор екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мəмілеге келтіріп тең шешетін ара ағайын (орысша – посредник). Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңы сот жүйесінде дауды шешудің бір тəсілін көрсетеді. Бұл заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілін, тəртібін анықтайды. Жоғарыда айтылған «Медиация туралы» Заңына сəйкес медиацияның негізгі ұғымдарына тоқталсақ: Дауды реттеу келісім - тараптардың медиация нəтижесінде қол жеткізген жазбаша келісімі.      

Медиатор - осы Заң талаптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тарататын тəуелсіз жеке тұлға. Медиация - тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тəсілі. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) - медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында, сондай- ақ, олардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым. Медиацияның мақсаты дауды шешудің екі тараптың да қанағаттануына қол жеткізу, тараптардың дауласу деңгейін төмендету болып табылады. Медиацияны жүргізу қағидаттары мыналар болып табылады: 1) еріктілік; 2) медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптылығы; 3) медиация рəсіміне араласуға жол бермеушілік; 4) құпиялық. Медиацияны жүргізу осы Заң талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тəртіп бойынша жүргізіледі. Жоғарыдағы көрсетілген жағдайды ескерсек, яғни «Медиация» азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы даулы жағдайды азайтып, шешімнің ерікті түрде орындалу деңгейін көтеруге орасан зор етеді деген сенімдеміз.

 

 

Н.Аманжолов

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.