Мал ұрлығына байланысты заңдағы өзгерістер

Мал ұрлығына байланысты заңдағы өзгерістер

 

Ежелден қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген.

Қазіргі уақытта да мал ұстап отырған ауыл тұрғындары қолдарындағы мал басын азайтпауға тырысады.  Өйткені, бағып отырған малының тұрақты сақталуы отбасының алдағы уақытта алаңсыз өмір сүре алатындығының кепілі.

Заңға сай ешкім өз мал-мүлкінен еріксіз айырылуға тиісті емес, меншік құқығы заңмен қорғалуға жатады.

Бұрын мал ұрлаумен күресті мемлекет негізінен меншікті қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаларды қолданып, оларды басшылыққа алып жүргізіп келді, яғни, мал ұрлығы басқа ұрлық түрлерімен бірдей дәрежеленіп келді. Соңғы кезге дейін мал ұрлағандар неше рет ұсталса да сотқа дейін немесе сотта малдың иесіне келтірілген шығынды малмен немесе ақшалай құнын қайтарып, жәбірленушімен татуласқан жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылатын. Салдарынан мал ұрлығы тыйылмай, мал ұрлығын оңай олжа табу мақсатына айналдырып алғандар қылмыс жасауды жалғастырып, құрықталған жағдайда жәбірленушімен татуласып, қайтадан жазадан құтылып кететін.

Қолданыстағы заңнаманың осындай осал тұстарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі – ҚК) бірқатар өзгерістер енгізілді.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап мал ұрлығы басқа ұрлықтардан бөлек ҚК-тің 118-1 бабымен саралануға жатады. Осы баптың ескертпесінде мал деп  ірі қара мал, жылқылар мен есектер, түйелер, ұсақ мал, шошқалар саналатыны көрсетілген.

Тиісінше мал ұрлығы үшін қолданылатын қылмыстық жаза да қатаңдатылды.

ҚК-тің 188-1-бабының бірінші бөлігімен бөтеннің малын жасырын жымқырғаны үшін оны жасаған адам мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егерде осындай қылмыстық құқық бұзушылық алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен; ірi мөлшерде жасалған жағдайда мүліктi тәркiлеумен үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы осы баптың екінші бөлігінде көзделген.

Аталған баптың үшінші бөлігіне сай, егер бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлығы анықталса – кінәлі тұлға мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер, яғни    қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлығы –мүлікті тәркiлеу қолданыла отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ҚК-тің 68-бабына да өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдардың жазадан құтылу мүмкіндігін шектейді, себебі, аталған баптың ережелері бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Мысал ретінде төмендегі қылмыстық істің мән-жайын келтіруге болады.

Сырым аудандық сотымен 15 наурыз 2022 жылы ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен азамат О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол бөтеннің малын мал қораға кіру арқылы ірі мөлшерде жасырын жымқырған деп күдіктелген. Істі қарау нәтижесінде сот сотталушының аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны дәләлденген және оның әрекеті дұрыс сараланған деп тапты. О.-ның жасаған қылмыстық әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол бұрын бір рет жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Соңғы мал ұрлығын қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде жасаған. Сондықтан, жоғарыда аталған өзгерістерге сай, жәбірленушінің малы қайтарылған бола тұра, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын сот үкіміне бойынша қылмыстық-атқару  жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Мал ұрлығының жолын кесу үшін құқық қорғау органдары ғана емес, мал иелері де сақтығын күшейтуі қажет.

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының төрағасы: Б.Е.Баймуханова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.