Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы

Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы

         Мал шаруашылығы қашанда қазақ халқының негізгі тіршілік көзі болып табылған. 

         Еліміздің бірқатар елді-аймақтарында жері шұрайлы, шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар құрылып, саны артуда.     

Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл болып отыр, оның бірден-бір көрсеткіші мемлекеттен субсидиялар беру арқылы шаруаларды мал асырауға ынталандырып, мал санын көбейту.

         Әрине, мал шаруашылығымен айналысу оңай кәсіп емес. Малға жазғы жайылымы, су табу, ала жаздай жем-шөбін дайындау, қыс азабын айтпағанда, тұрақты малшы табудың өзі үлкен мәселе және тағы басқа қиындықтарды бастан өткеріп жүрген шаруаға мал ұрлығы тағы қосылады.

         «Мал ашуы – жан ашуы» деп бекер айтылмаса керек, мал ұрлығының көбеюі шаруалардың жан ашуын тудыратыны хақ.

         Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен, мал ұрлығын тоқтату мақсатында, мал ұрлығына қатысты жауаптылықты қатаңдату жөнінде тапсырма беріліп, Қазақстан Республикасының 27.12.2019 жылғы Заңымен мал ұрлығы Қылмыстық кодексте төрт бөліктен тұратын 188-1-бабы ретінде жеке бап болып бөлінді.

Мал ұрланған жағдайда, қылмыскердің әрекеті бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚК) 188-бабымен, яғни жалпы ұрлық ретінде дәрежеленетін.

         Ал, жаңадан енгізілген ҚК-тің 188-1-бабы бойынша бөтеннің малын жасырын жымқыру - мал ұрлау болып есептеледі.

         Бұл қылмыстық әрекеті үшін құқық бұзушы мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал, мал ұрлығы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен немесе ірi мөлшерде жасалса - онда құқық бұзушы мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер де, мал ұрлығы бірнеше рет жасалса немесе тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалса – онда құқық бұзушыға мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мал ұрлығы қылмыстық топпен немесе аса iрi мөлшерде жасалған болса – онда құқық бұзушы  мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

Бұл жерде мал түсінігіне ірі қара мал, жылқылар мен есектер, түйелер, ұсақ мүйізді мал және шошқалар жатқызылатынын ескеру қажет.

Зер салсақ, мал ұрлығын алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен немесе ірi мөлшерде жасау, бірнеше рет немесе тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасау, қылмыстық топпен немесе аса iрi мөлшерде жасау әрекеттері ауыр қылмыстар санатына енгізілген.

Бұл дегеніміз осы әрекеттер арқылы мал ұрлығы жасалса, ҚК-тің 68-бабы қолданылмайды, яғни құқық бұзушы жәбірленушімен татуласып, келтірілген шығынның орнын толтырған жағдайдың өзінде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатпайды.

Мысалы, құқық бұзушы бір бас қой малын жәбірленушінің мал қорасынан ұрлайтын болса, оған мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Құқық бұзушы ұрланған бір бас қой малының құнын өтеп, жәбірленуші кешірім беріп тұрса да, ол жоғарыда аталған жаза мөлшері шегінде жауаптылыққа тартылатын болады.

Бұл заң талабы.

Осылай, мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдату арқылы еліміздегі қарапайым шаруалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау көзделуде, себебі бәсекеге қабілетті шаруалардың артуы еліміздің әл-ауқатының өсуіне, жалпы экономиканың дамуына алып келері сөзсіз. 

Жаңақала аудандық

сотының төрағасы

Есжанов С.Р.

               

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.