Мал ұрлығына жаза қатаңдатылды

Мал ұрлығына жаза қатаңдатылды

Еліміздің қай  аймағын алсақта, ауылдық жерлерде екінің бірінің күн көрісі - төрт түлік мал бағу болып табылады. Мал баққан ауыл азаматының көрген бейнетімен азабын айтып жеткізу мүмкін емес. Жем шөбін шашпай, төкпей жинап алып, ауру сырқауының алдын алу күн сайын қора – қопсысын тазалап, өрісте жүрген малдың соңынан іздеу де бір бейнет.

Десекте, айлап – жылдап баққан төрт түлігінен  көз жазып  қалушылар көбейіп келуі өзекті өртейді. Жаугершілік пен барымтаның заманы артта қалса да,  мал ұрлығы азаяр емес.

Осы жоғарыда аталған мәселелер, яғни ел Президенті мал ұрлығына қатысты жауапкершілікті күшейту қажеттігіне  назар аударып, ішкі істер министірлігінің кеңейтілген отырысында, мал ұрлығына барудан бас тартпайтын  жандарға қатысты заңды қатайтуды ұсынылып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қоса қатаң жазалау керектігі айтылып, мал ұрлығы бойынша заң бұзушылықтың бұл түрі ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес ауыр немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласқанда (медиация тәртібімен), яғни келтірген зиянның орнын толық  толтырған жағдайда жазадан босатылып шығатын еді, алайда қазіргі таңда қылмыстық заңнамаға өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, жаңа заңға қол қойылды. Қылмыстық заңнаманың мал ұрлау санаты бойынша  қылмыс жасағандар үшін жаза күшейтілді. Заңдағы өзгерістермен түзетулерге сәйкес, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптармен татуласуға рұқсат берілмейді. Мал ұрлаушыларға қолданылатын жазаның ауырлауы, татуласуға тыйым салынуы – мал ұрлығына мықты тосқауыл болып отыр.

Осыған мысал ретінде айтатын болсақ, Сырым аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен сотталған  азамат И-ге қатысты қылмыстық іс қаралып, сотталушының жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жатқызылғандықтан, тараптар татуласып, жәбірленушіге келген залал толық өтелгелгенімен, іс  өндірістен тоқтатылмай,  сотталушыға 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушының қорғаушысынан  аппелляциялық шағым келіп  түсіп, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында  қаралып, Сырым аудандық сотының  үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы   

А.Т.Ишангалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.