ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ – 30 ЖЫЛ
Еліміздің Тәуелсіздігіне биыл 30 жыл.
30 жылдың ішінде еліміз едәуір өркендеп, шекарамыз айқындалып, қоғамымыз алға жетелей түсті.
Тәуелсіздігімізді алған күннен бастап, біздің ел талай қиын-қыстау заманды басынан кешірген, барлық салалар қайта жаңғырып, еліміздің керегесі мен тұғырығы нығая берді.
Тәуелсіздігіміз тіліміз бен дінімізді көтерді, ұлтымыз рухани тұрғыда өсе берді.
Ең басты нышандарымыздың бірі – ұлттық тіліміз, ана тіліміз – мемлекеттік тілімізге айналды.
Бұл - біздің биікке ұстар мақтанашымыз.
Ана тілді білу – заманымыздың талабы.
Тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш.
Тәуелсіздігіміз – ата – бабаларымыздың арман мақсаты болған, қазіргі замандағы ұлт ұрпағының мақтанышы, болашағамызға нық қадам жасай отырып, келер ұрпаққа қалдыратын мұрамыз.
Тәуелсіздік күні – ұлттың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың тарихи мерекесі, естен кетпес тарих.
Нұр-Сұлтан қалалық соттының судьясы
Мараш Манабаева
[xfvalue_img]
10 пікір