Азат елдің ар намысы- Ата Заң

Азат елдің ар намысы- Ата Заң

Бүгінде еліміздің өткенін жаңа талапқа сай ой елегінен өткізіп қайта қарап, ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың қадым заманнан бастау алатын қымбат тарихына тереңірек үңілсек, көз алдымызға сонау қазақ елінің сан ғасырларға созылған ұзақ тарихында қилы-қилы асулардан өтіп, талай шерлі заманды басынан кешіргені елестейді. Міне, осындай аумалы – төкпелі қиын заманда аты аңызға айналған, жыры ұрпаққа рухани қазынаға айналған бөгде қазақ халқының осындай өткелдерден өтерде, халқына адал қызмет еткен басшы, батыр, көсем азаматтары тарихтың арқалатқан ауыр жүгін ғасырдың сары белдерінен асырып, елге де, өздеріне де түскен салмақты қайыспай көтеріп, халықтың, ұлттың атын жоғалтпай, оны өмірдің кезекті сатысына көтеріп отырды. Қалың қара қазақтың ұлан-ғайыр шексіз даласында қиюы қашқан қилы-қилы замандарда бір орталыққа бағынбай руға, тайпаға бөлініп,тарыдай шашылып, бірікпей жатқан елдің басын құрап, қиын қыстау заманда қиядан жол табуы, халыққа рухани ғибрат беруі, аз уақыт ішінде сыртқы дұшпандарына тойтарыс бере алатын қуатты, сұрапыл күшке айналдыру ел билеген ұлылардың қолынан келген. Көкірегі нұрлы, санасы сәулелі жұртымыздың баға жетпейтін баяны, аруақ қолдаған аяны жатыр. Халқымыздың білімі мен ғылымы, рухани кемелденуі мен өсуі жолында бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен абыздарымыздың есімдері әрқашан есте сақталып, олар бастаған ұлы мұраттардың орындалуына баршамыз болып білек қосып, тілек тоғыстырғалы келдік. Есім ханның «ескі жолы», Қасым ханның «қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды, қазіргі Ата Заңымыздың Нұрағаның «Нұрлы жолы» екенін баршамыз мойындаймыз. Еліміз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы кезеңде тұңғыш конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған болатын. Бірақ, қоғам өміріндегі алуан түрлі өзгерістер мен құбылыстар халықтың ойынан, арманынан шыға бермей, өзге де өркениетті елдермен терезесі тең, керегесі кең, еліміздің саяси және экономикалық жағынан жан – жақты дамуы үшін жаңаша заңның қажеттігін мойындатпай қоймады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Сөйтіп, еліміз 1995 жылы 30 тамызда өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты- Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекеттігімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң- тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Еліміз тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында, мемлекетіміз бен қоғамымыздың тарихы мен тағдырындағы аса маңызды оқиға - Конституцияға 24 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйіткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылық пен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы, үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде түп-қазығымыз Ата Заңымызды ардақтасақ, осынау істе бірігіп қимылдасақ еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз. Әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан бүгін де сұрапыл сан ғасырды артқа тастап алға қарыштап дамуда. Еліміз дамып өркендеп, туымыз көкке желбірей берсін.

 

Жұмаш Жеңіс Жасаралұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Frankwet 8 февраля 2025 22:29

    Max Mara — знаменитый итальянский бренд, основанный в середине XX века предпринимателем Акилле Марамотти. Модный дом обрёл синонимом изысканности и качества.
    Фирменный стиль Max Mara основан на лаконичных форм и качественных тканей, таких как кашемир. Иконическое пальто Teddy превратилось в одним из самых узнаваемых бренда.
    https://www.coastalswitches.com/shop/uncategorized/backlit-rocker-switch/?unapp
    roved=54751&moderation-hash=ebf9fc57910afd3caea99d1ac50b1e01#comment-54751
    Сегодня компания разрабатывает не только верхнюю одежду, но и парфюмерию. Компания продолжает быть символом стиля и роскоши, покоряя ценителей моды по всему миру.

  2. аватар
    AndrewGoare 12 февраля 2025 15:55

    Для обеспечения безопасности в офисе важно установить эффективную систему видеонаблюдения. Это поможет контролировать рабочие процессы и защитить имущество от возможных угроз. Для выбора и установки оборудования, вы можете обратиться к профессионалам, которые предложат оптимальные решения. Подробнее о <a href="https://bestproperty.ru/">видеонаблюдении в офисе</a> можно узнать на специализированном сайте.

  3. аватар
    вавада зеркало 11 апреля 2025 02:15

    На данной платформе можно найти игровые автоматы из казино Вавада.
    Любой игрок найдёт подходящую игру — от традиционных аппаратов до современных разработок с бонусными раундами.
    Vavada предлагает возможность сыграть в слотов от топовых провайдеров, включая прогрессивные слоты.
    Каждый слот доступен круглосуточно и оптимизирован как для настольных устройств, так и для планшетов.
    <a href="https://vavada-ig1.top">вавада зеркало сегодня</a>
    Каждый геймер ощутит атмосферой игры, не выходя из дома.
    Интерфейс сайта понятна, что обеспечивает моментально приступить к игре.
    Начните прямо сейчас, чтобы погрузиться в мир выигрышей!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.