Мемлекеттік тіл - ел тағдыры

Мемлекеттік тіл - ел тағдыры

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – ана тіліміз. Ана тілдің тағдыры - ұлт тағдыры.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан жаһандық бәсекеге, қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға мәлім.

Елбасының мақаласында «Жиырма бірінші ғасырдағы ұлттық сана туралы» бірінші тарауында: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңнен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Біздің тіліміз – осы әлемде басқалардан ажырататын ұлттық кодымыздың бірі, тәуелсіздігіміздің құндылығы.

Тіл ұлттың болашағы – оның тілі. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Тіл – сонау атам заман бабаларымыздан қалған құнды мұра. Тіл – ұлттық діліміз. Ұлт ерекшелігінің бірі, ұлт мәдениетіміздің бір формасы. Тек қана тіл арқылы халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Біздің мәдениетіміз, әдет –ғұрпымыз, әдеби мұралары, психикалық қалып  - тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Оны сақтай, қадірлей, құрметтей білу – біздің үлкен, әрі жауапты парызымыз. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Буыны қатпаған, ана сүтін еміп жатқан жаңа туған нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Ана сүтімен бірге қанына тараған ана сөзі баланың осы дүниеге шырылдап келген мезетте сезімді оятатын алғашқы дауыс –ана дауысы, ана тілі. Ана тілі бойымызға ана сүтімен тараған қасиет. Сүтпен енген, миға сіңген сол тілмен бірге өсіп есейген адамның саналы өмірінің рухани байлығы, адамның асыл қасиеттер белгілерінің жетілуі сол ана тіліне байланысты болады.      

Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер – білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата- ананың ұл-қызы болғандықтан, халықтың Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Кісіні сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіндік тудыратын қарым-қатынас құрамы-ұлы мәртебелі сол ана тілі. Тілді сол тілде сөйлеуші халық жасайды.

Қорытындысында, тіл – ұлттың өмір сүруінің бірінші негізгі шарты.

 

 

М.Наурызбаева

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маманы       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.