Мерзімінен бұрын қойылған талап

Мерзімінен бұрын қойылған талап

"Q" АҚ экологияны қолдау жобасын іске асыру аясында кәсіпорындарды технологиялық дамыту мақсатында берілген инновациялық грантты қайтару туралы "А" ЖШС-ға талап арызбен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы соманы өндіріп алу туралы талап қоя отырып, жауапкердің шартты орындау мерзімін сақтамағанын көрсеткен.

Жобаны іске асыру барысында жауапкер өнім берушінің суық мезгілде монтаждау жұмыстарын жүргізудің орынсыздығы, жабдықты жеткізудің кешіктірілуі туралы хаттарына, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптама алу қажеттігі туралы хаттарға сілтеме жасай отырып, орындау мерзімін ұзарту туралы бірнеше рет өтініш жасаған.

Сот тараптар арасында жасалған шартқа сәйкес дауды сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібі белгіленгенін, ол сотқа жүгінгенге дейін гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссияның (Кеңестің) шартты бұзуы туралы қорытынды шығаруы қажет екенін анықтады.

Жасалған шартты бұзу мәні бойынша гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің отырысы өткізілмегендіктен, тиісінше шартты бұзу туралы мәселе шешілген жоқ, бұл талаптың мерзімінен бұрын қойылғанын көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талап қараусыз қалдырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.