Сот моральдық зиянды өтеу туралы дауды қарады

Сот моральдық зиянды өтеу туралы дауды қарады

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен Б-ның С. тұлғасындағы «З» жеке кәсіпкеріне шартты бұзу және төленген соманы қайтару, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды.

2020 жылғы тамызда Б. жауапкерге тиесілі «З» ломбардынан құны 155 мың теңге тұратын 585 сынамалы шынжыр түріндегі зергерлік бұйымды сатып алды.

4 айдан кейін талап қоюшы ақшалай қарыз алу үшін кепіл түрінде сол ломбардта сатып алынған зергерлік бұйымды өткізбекші болып жүгінді, алайда өнім толығымен алтыннан тұрмайтындығына байланысты ломбард оны қабылдаудан бас тартты.

Б.  Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына» жүгініп, бұйымның жартысы күміс қорытпасынан тұратыны анықталды.

Талап қоюшы сотқа сатып алу-сату шартын бұзуды және бұйымның құнын қайтаруды және келтірілген моральдық зиянды 200 мың теңге мөлшерінде өтеуді талап етіп жүгінді.

Жауапкер өз кезегінде зергерлік бұйымдарды сату кезінде техникалық талаптар мен сипаттамаларға сәйкес келетінін және сапасыз тауарларды сату дәлелденбегенін айтты.

Сот шешімімен тараптар арасындағы шарт бұзылды, жауапкер сатып алу құнын қайтаруға және 20 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуге тиіс.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив