Ақтөбе қалалық сотымен 119 121,42 АҚШ доллар туралы дауы бітімгершілікпен реттелді
Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы АҚ жауапкер А.-дан берешекті өндіріп және кепілге салынған мүлікті қайтарып алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өз талаптарын, талапкер мен жауапкердің арасында 17.09.2009 ж. несие шарты жасалғанын, аталған несие жауапкерге 17.10.2037 ж. дейін жылдық 13,5 пайыздық мөлшерлемесінде, несие берешегін қайта қаржыландырумен 74 022,77 АҚШ доллары мөлшерінде қарыз берілгенін негізделген. Жауапкер міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында үш бөлмелі пәтерді кепілге берген. Бірақ, жауапкер міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімін бұзған. Нәтижесінде, 04.10.2017 жылға талапкердің алдында 128 258,62 АҚШ доллары мөлшерінде берешек болды. Осылайша, талап қоюшы жауапкер А.-дан несие шарты бойынша 119 121,42 АҚШ доллары мөлшерінде берешекті, 1 336 495 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу бойынша сот шығындарды және кепілге салынған мүлікті қайтарып алуды сұраған.
Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп, келісімге сәйкес жауапкер он жұмыс күні ішінде 2015 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының №69 «Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру» бекітілген қаулысына сәйкес жауапкердің АҚ.-ның алдындағы қарызды қайта қаржыландыру мақсатында банктік қарыз шарттын жасауға міндеттенді.
Сот ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
21 пікір