Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері үшін татуластырушы судьялардан көшпелі дәріс
2022 жылдың 24 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік сотының судьялары татуластыру рәсімдерін түсіндіру және насихаттау бойынша дәріс өткізді.
Іс-шараға Министрлік қызметкерлері қатысып, онлайн форматта судьялардың дәрісін тыңдады.
Судья Айгүл Ақпанова жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібін түсіндірді, сондай-ақ медиацияның артықшылықтарын атап өтті.
Сонымен қатар, судья әкімшілік қалау ұғымын түсіндірді. Әкімшілік органның әкімшілік қалауы болған жағдайда татуласуға болады.
Әкімшілік рәсімдер туралы Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьясы Бағдагүл Бияхметова егжей-тегжейлі айтып берді.
Дәріс соңында министрлік өкілдері қойылған сұрақтарға жауап алып, судьяларға сындарлы диалог жүргізуге дайын екендіктері үшін алғыс білдірді.
Елордалық әкімшілік сотының судьялары мемлекеттік қызметкерлер үшін тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бұл өз кезегінде жария билік органдарының азаматтармен жұмысының оң тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]
39 пікір