Судьялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әкімшілік істер бойынша татуласу практикасын талқылады
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында белгіленген санитарлық нормаларды сақтай отырып, әкімшілік істер бойынша татуластыру келісімдерін жасасу/бекіту практикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, Татуласу орталығының, қала прокуратурасының, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы Мараш Манабаева кіріспе сөзінде жария-құқықтық даулар бойынша татуласу институтының маңызы мен рөлін атап өтіп, мемлекеттік органдардың өкілдерін азаматтардың мүдделері мен қорғауын, соның ішінде дауларды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етуге шақырды.
Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС төрағасы Руслан Мәжитов сотта бекітілген келісімдер туралы ақпарат берді. 500-ден астам келісімді елордалық әкімшілік соттың судьялары бекітті. Мұндай көрсеткіштер осы институттың қажеттілігі мен болашағын растайды.
Барлық әкімшілік органдар өкілдерінің, әкімшілік істер бойынша жауапкерлердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел проблемалық мәселелерді талқылау үшін тамаша алаң болды.
Іс-шара барысында жеке сот орындаушыларымен, жергілікті атқарушы органдармен, қаржылық бақылау органдарымен даулар бойынша татуласу тәжірибесі талқыланды.
Татуластыру рәсімдерін жүргізу рәсімі, оның салдары мен артықшылықтары талқыланды.
Судьялар Мемлекеттік органдардың назарын келісімнің шарттары даулы жария құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін ғана реттеуі, орындалуы және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбауы тиіс екендігіне аударды.
Сот дауын бейбіт жолмен шешудің артықшылықтарын түсіну маңызды. Тараптардың әрқайсысы нәтижеге қанағаттанғанады, уақыт пен ресурстар сақталады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың азаматтармен татуласудағы белсенді рөлі мемлекеттік биліктің беделін едәуір жоғарылатып, қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады.
Нәтижесінде, әкімшілік істер бойынша татуластыру тәжірибесін дамыту және нығайту бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.
[xfvalue_img]
23 пікір