Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьялары мемлекеттік қызметшілерге дәріс өткізді
Елордалық әкімшілік соттың судьялары Қымбат Алпысбаева мен Бағдагүл Бияхметова «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн форматта Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында судьялар ӘРПК міндеттері мен қағидаларын, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібін түсіндірді.
Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьясы Бағдагүл Бияхметова мемлекеттік органдармен жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін өткізудің артықшылықтарын атап өтті.
Әкімшілік істер бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы судья Қымбат Алпысбаева айтып берді.
Сондай-ақ, істердің соттылығы туралы мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша Министрлік өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қатысушылар пікір алмасты.
Іс-шара соңында қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауап алды.
Естеріңізге сала кетейік, ӘРПК нормаларын түсіндіру жұмыстарын елордалық әкімшілік соттың судьялары үнемі жүргізіп отырады.
[xfvalue_img]
16 пікір