Судьялар мен адвокаттар жаңа кодекстің нормаларын талқылады
Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бастамасымен елорданың адвокаттар алқасы алаңында ӘРПК нормаларын талқылау бойынша онлайн-режимде дөңгелек үстел өткізілді.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Кодекс әкімшілік рәсімдерді, жария-құқықтық даулар бойынша сот ісін жүргізу, сот шешімдерінің орындалуын бақылау мәселелерін реттейді.
Іс-шара барысында судьялар Қымбат Алпысбаева мен Айбек Амангелдин ӘРПК-нің негізгі жаңашылдықтарын атап өтіп, талап қою тәртібі, талап түрлері мен сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін түсіндірді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстанның барлық жерінен 140-тан астам адвокаттар қатысты.
Іс-шараның қорытындысы бойынша адвокаттар судьяларға маңызды ақпарат үшін алғыс айтып, өз пікірлерін білдірді және өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.
Кәсіби заңгерлердің жаңа Кодекс нормаларын дұрыс түсінуі және іске асыруы әкімшілік әділет моделін қалыптастыру бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
[xfvalue_img]