Судьяларға практикалық көмек көрсетілді
Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті практикада іске асыру кезінде құқық қолдану мәселелері туындайды.
2021 жылдың 3 қыркүйегінде судья Ардақ Балагумарова елордалық әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен семинар өткізді.
Кездесу барысында істердің әкімшілік соттың соттылығы мен ведомстволық бағыныстылығы, дауларды сотқа дейін реттеу және татуластыру рәсімдерін жүргізу мәселелері талқыланды.
Судьялар жаңа кодекс нормаларын қолдану бойынша өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, практикалық мысалдармен бөлісті.
Семинарларды жиі өткізу қателіктерді болдырмауға және бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі алқа судьялары құқық қолданудың даулы мәселелерін талқылау және жедел шешу үшін аудандық соттың судьялапымен жоспарға сәйкес кездесу өткізеді.
[xfvalue_img]
13 пікір