Отбасы құндылығы басты қазына

Отбасы құндылығы басты қазына

 

Отбасы құндылығы – мемлекеттің басты қазынасы. Шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Отбасы – бұл сыйластық, жарастық орнаған орта, шағын мемлекет іспеттес. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Сондықтан оған берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие.

Алайда, бүгінде түрлі себептермен шаңырақтар шайқалып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбей жатқындығы жасырын емес. Бұрынғы ата-бабамыз ерекше қастерлеген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті ?

Әрқайсысының өз дәлелі бар. Бірі тұрмыстық жағдайды алға тартса, бірі мінезіміз жараспады деп, ажырасып жатады. Ал ортадағы бала тағдыры, оның зардаптары алаңдатпайды. Ажырасу баланың психикасына салмақ салады. Әр бала мінезіне сай, ата-анасының екі жаққа бөлінуін түрліше қабылдауы мүмкін. Кей жағдайда, бала теріс жолға түсіп, қылмыс жасауға дейін барады. Осының барлығы отбасында балаға қажетті жылулық пен мейрімнің жетіспеушілігі және жауапкершіліктің жоқтығынан туындайды. Көз алдында күнделікті кикілжің мен ұрыс – керісті көріп өскен баланың өмірге қызығушылығы азаяды.

 Тәрбие тал бесіктен басталады. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде отбасы үлкен рөл атқарады. Ата-ананың мейірімін көріп өскен бала ертеңгі мемлекетіміздің абыройы. Шындығында, ажырасу  - өте қауіпті дерт. Ел боламыз десек, ең бірінші шағын мемлекетімізді түзеуіміз қажет. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу ортақ болып қалады.

 «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», деп Ы.Алтынсарин айтпақшы, тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай жұмыс емес. Сондықтан да ажырасуға бел буған кезде, араларындағы балаларының құқықтарын да бір сәтке ескерген жөн.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі А.Кожина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.