Отбасы және бала институтын қолдау

Отбасы және бала институтын қолдау

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының 4 басымдығының екінші бөлігіне сай, отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру көрсетілген.

Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру қажеттігі айтылды. Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керектігі қолға алу тапсырылды.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеу тапсырылды.

Статистикаға сәйкес Қазақстанда неке қыйғандардың 3/1 ажырасуға барады. Оның себебі көп, негізінен күйеуінің ішімдікке салынуы, тұрақты жұмысының болмауы яғни өзінің отбасын материалдық қамтамасыз ете алмауы, оның ішінде тұрғылықты үйлерінің болмауы және т.б. себептер.

ТМД мемлекеттерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін Қазақстан отбасылардың ажырасуынан үшінші орынды алып отыр. Соңғы кезде баласы бар отбасыларда ажырасу процессі норма болып қалыптасуда. Бұл тенденцияның қалыптасуы мемлекеттің қауіпсіздігіне әсерін тигізетіні анық, бірінші фактор ол демографилық дамуы. Некеге тұрғандар ерте ажырасса бала туу төмендейді.

Отбасы институтын қолдау қазіргі таңда негізгі стротегиялық мақсат ретінде дамытудың уақыты жетті. Себебі отбасының сақталуына негатитвтік әсерін тигізетін өмірде болып жатқан сыртқы факторларға байланысты ажырасу процессі ұлғаятыны анық.

Осыған байланысты отбасыны сақтау орталықтарын құру қажеттігі туындайды, ол жерлерде психологиялық көмек және кеңес беру, жұмыссыздықты шешу, демеушілердің қол ұшымен жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету сияқты көптеген қызметтер көрсету қажеттігін қолға алу керек.

            Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиістігі қазіргі таңда қолға алынды. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауда. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейтілуде.

Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударылуда, барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту қолға алынды, спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етілуде, бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады.

Қорытындысын айта кетсек, отбасы және бала институтын қолдау барлық азаматтарға тиісті. Өйткені біздің ата-бабалардан келе жатқан негізгі құндылықтардың бірі болып саналатын ол ортақ шаңырақта өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз, солардың қолында біздің мемлекетіміздің келешектегі тағдыры шешілетінін әр қайсымыз білеміз, сол себептен мемлекеттің іргетасының тұрақтылығы осы шаңырақтың сақталуына байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан болып жатқан үлкен өзгерістер яғни отбасыларға көмек көрсету бағдарламаларының іске асырылуы өзінің жемісін беретінін анық. Осыны үлкен жетістік деп айта аламыз.

 

 

Жамбыл облысы

Жуалы аудандық сотының

кеңсесінің бас маманы

Жазира Оралова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.