«Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асуда

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асуда

«Үйлену оңай, үй болу қиын»

Әр отбасы бір бөлек мемлекет. Ол мемлекетті сақтап қалу, қиыннан қиыстырып түзу жүру,  сол мемлекеттің мүшелерінің міндеті. Алайда бүгінде тұрмыстық жағдайдың ауыртпалығына шыдай алмай, өзара келіспеушіліктердің нәтижесінде құрған шаңырақтардың тез қирауы орын алып отырғандығы баршаға аян.

Кикілжің орын алып, бірін-бірі түсінбеушілік нәтижесінде екі жақ сотқа жүгінеді. Сотқа келген тараптарды ажырастыра салу, сот алдында тұрған басты мақсат емес. Ең бірінші сотқа жүгінген тараптарды татуластырып, бала-шағаны жетім емес, біртұтас отбасында тәрбиеленіп, әке мен ананың тәрбиесінде өсіру, яки құрған мемлекеттерін сақтап қалу – сот алдындағы мақсат. Бұл ретте ҚР Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асырылып, кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Мәселен, тараптармен психологтар әңгімелесу жүргізеді. Олар әр отбасының ішкі жағдайларына үңіліп, келіспеушіліктерді жоюға ықпал етеді. Осы тәрізді шараларды сот судьялары да атқарып, нәтижесінде тараптар ортақ шешімге бірге келіп жатады. Әрине, әр отбасының ажырасу тарихы, себебі алуан қилы, әр келіп түскен талап арыздың себебі әр түрлі. Алайда жиі кезедесетін жағдайлар, тұрмыстық жағдайының ауыртпалығы, тұлғааралық келіспеушіліктер және ішкі жағдайлар.

Бұл ретте тараптарды татуластырып, ортақ екі жаққа да тиімді шешімге келтіру – судьялармен жүргізілетін үлкен жұмыстардың бірі. Десек те, барлық жағдайда бірдей татуластырып, отбасын сақтап қалу мүмкіндігі туа бермейді. Мәселен, статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында неке бұзу туралы талап арыз саны 585 іс болса, оның ішінде 126 іс қараусыз қалдырылды, 137 талап арыздан бас тартылып, 108 іс медиация тәртібімен қаралып отыр.

Алайда «ел боламын десең, бесігіңді түзе» сөзі басшылыққа ала отырып, бесікте жатқан балаға анасы мен әкесі бірдей тәрбие беру керек екендігін ескерсек, отбасының маңыздылығын ұғынамыз. Сол себепті де қазақ жерінде қалыптасқан әрбір шағын мемлекет – отбасы өміршеңдігін сақтап қалу алдағы тұрған басты мақсаты. Бұл бағғыттағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.

 

 Ташимова О.

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.