Сотқа келушілерге сот ғимаратына кірудің ережесі мен ішкі тәртіп қағидалары түсіндірілді
Мұғалжар аудандық сотында «Сотқа келушілерге сот ғимаратына кірудің ережесі мен ішкі тәртіп қағидалары» атты тақырыпта семинар өтті.
Семинарға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, аға сот приставы Б.А.Баимбетов және «Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет басқармасы» ММ-нің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында аға сот приставы Б.А.Баимбетов өзінің баяндамасында сотқа келушілерге сот ғимаратына кірудің ережесі мен ішкі тәртіп қағидалары түсіндірді. Сонымен қатар, ол сот ғимаратына келушілердің кіріп-шығу ережесін және ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстардың атқарылып жатқаны жөнінде айтып өтті.
Семинар соңында сот төрағасы А.Т.Анарбаев сотқа кіре-берісте өз міндеттерін орындап тұрған күзет қызметкері, сот приставы сотқа келушілердің арнайы техникалық құралдардың қолданылуымен тексеруден өткенін, келушінің жай-күйінің қоғамдық тәртіпке сай келуін қамтамасыз етуге, келушінің құжатын талап етуге, қажет болған жағдайда жеке заттары да қарауға міндетті екенін атап өтті.
[xfvalue_img]