«Сот ғимараты мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі» атты тақырыбында семинар
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылғы 2 маусымдағы № 13762 санды Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 санды «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Аталған шара сот төрағасы А.Мукановтың, сот мамандарының, аға сот приставы мен ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық МКҚБ-нің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар өткізу және ішкі обьекті режимінің негізгі қағидаларын талқылап, сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған заттар тізімімен толығырақ танысты, сонымен қатар сот төрағасы А.Муканов сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған техникалық құралдар: видео, фото, түсіру, тікелей радио құрылғыларын алып кіру және телетрансляцияны пайдалану мәселелері бұл тікелей сот төрағасының немесе сот отырысында төрағалық етуші судьяның пікірімен ескеріле отырып шешілетіндігін айтып өтті.
Шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
[xfvalue_img]
27 пікір